VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Өзбекстан құрамасы 19 медаль жеңіп алды
Қырғызстанның Ыстықкөл облысында мәресіне жеткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Өзбекстан құрамасы 19 медаль жеңіп алды.
Әлемнің 100-ге жуық елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысқан этноспорттың 43 түрі бойынша өткен жарыстарда Өзбекстан спорт делегациясы спорттың 32 бағыты бойынша ел намысын қорғады.
Жарыста Өзбекстан өкілдері мас-рестлинг, самбо, армрестлинг, күрес, белбеу күресі, баһадүрлер ойыны, көкпар, бел алыш және үшкүрес, садақ ату, ат спорты, сумо, зияткерлік ойындар, өзбек жекпе-жек өнері сынды спорт түрлерінен жүлделі орындарға таласты.

Өзбекстандық спортшылар ұлттық спорт түрі – күрестен, сондай-ақ ұлттық жекпе-жек түрлерінің бірқатарынан, самбо, мас-рестлинг және армрестлинг секілді бағыттардан жүлделі орындарға ие болды.
Алты күнге созылған тартысты бәсекелердің қорытындысы бойынша Өзбекстан спорт делегациясы 4 алтын, 4 күміс және 11 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.
Медаль саны бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Моңғолия құрамалары жалпыкомандалық есепте көш бастады.