Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды
Венесуэлада 24 маусымда болған екі қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті.
Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 2295 адам көз жұмған. Сондай-ақ 11 267 адам түрлі дәрежеде жарақат алып, 13 мыңға жуық тұрғын үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.
Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әзірге 50 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында саналады. Олардың шамамен 30 мыңы табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра портты қаласының аумағында болған.
Ресми тұлғалардың хабарлауынша, құтқарушылар үйінді астынан шамамен 6,5 мың адамды тірі алып шыққан. Алайда аман қалғандардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені көптеген тұрғындар үйінді астынан өз күштерімен немесе жақындарының көмегімен шығып үлгерген.