Telegram Қазақстанда кеңсесін ашады
Telegram Қазақстанда кеңсесін ашып, оған өкіл тағайындамақ.
KAZINFORM мәлімтеніше, бұл туралы елдің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев АҚШ Сауда палатасымен және Meta мен Apple сияқты ірі америкалық компаниялардың өкілдерімен кездесулерінде айтты.
Кездесулерде мәліметтер қауіпсіздігі, жалған аккаунттармен күрес және пайдаланушыларды қорғауға қатысты маңызды мәселелер талқыланған.
«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», — деп атап өткен Жаслан Мадиев.