Самарқандта Жас парламентшілердің XII жаһандық конференциясы жұмысын бастады
Самарқанд қаласында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты мен Парламентаралық Одақтың бірлескен ұйымдастыруымен Жас парламентшілердің XII жаһандық конференциясы өз жұмысын бастады.
Конференцияның ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің форумға қатысушыларға жолдаған құттықтауын Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева оқып берді.
Іс-шараға сондай-ақ Парламентаралық Одақтың президенті Тулия Эксон, одақтың Бас хатшысы Анда Филип және Олий Мажлис Заң шығару палатасының Спикері Н. Исмаилов қатысып жатыр.
«Күрделі кезеңде адам құқықтары, әділеттілік және адам қадір-қасиетін қалпына келтіру жолында» тақырыбында өтіп жатқан беделді халықаралық конференцияға әлемнің 58 елінен жас парламентшілер, сондай-ақ 11 халықаралық ұйымның өкілдерін қоса алғанда, 250-ге жуық адам қатысып отыр.