Қызылқұмның тылсымға толы табиғаты
ФОТОРЕПОРТАЖ
Орталық Азиядағы ең ірі шөлдердің бірі саналатын Қызылқұм шөлі Науаи облысының аумағында орналасқан. Бұл өңір қайталанбас табиғатымен көз жетпес құмды алқаптарымен ерекшеленеді. Шөлдің негізгі бөлігін биік және орташа жазықтағы құм жоталары алып жатыр. Қызылқұмның климаты: қысы суық болса, жазы аптап ыстық, күншуақты әрі құрғақ келеді.
[gallery-30271]
Шексіз дала төсін бойлай сапар шеккен жанның көз алдына әр тұстан менмұндалаған алып құм төбелері бой көрсетеді. Әсіресе күн қызарып көкжиекке қона бастаған шақта, алтын түске боялған құм шағылдары өзгеше келбетке енгендей, табиғаттың қайталанбас сұлулығын паш етеді.
суреттерді түсірген С.АСЛОНОВ, ӨзА