Қытайда екі бұрынғы қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді
Қытайда екі бұрынғы қорғаныс министрі — Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу әскери сыбайлас жемқорлық ісі бойынша екі жылға кейінге қалдыру шартымен өлім жазасына кесілді.
Қытай Халық-азаттық армиясы Әскери сотының үкімімен олар парақорлыққа кінәлі деп танылып, саяси құқықтарынан айырылды және мүлкі тәркіленді.
Қытай заңнамасына сәйкес, егер сотталған тұлға екі жыл ішінде жаңа қылмыс жасамаса, өлім жазасы шартты түрде орындалмай, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.
Бұрынғы министрлерге қатысты іс Қытай армиясындағы ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанның бір бөлігі болып табылады. Бұл науқан Зымыран әскерлері, Қарулануды дамыту департаменті және Орталық әскери комиссия басшылығын да қамтиды.
Соңғы жылдары Қытай Халық-азаттық армиясы жүйесінде ондаған жоғары лауазымды генералдар мен шенеуніктер тергеуге тартылған.