Қытайда автобус өзенге құлап, алты адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында автобус жол қоршауына соғылып, өзенге құлауы салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алды.
Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Мәліметке сәйкес, жол апаты 15 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 18:00 шамасында Баосин уезінің Чжунган шағын ауданында болған. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр болғанымен, қазір оның жағдайы тұрақталғаны айтылды.
Жергілікті биліктің мәліметінше, автобус ішінде көлік сыйымдылығына сәйкес 17 жолаушы болған.
Құтқару жұмыстары 16 шілде күні таңертең аяқталды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.