Қазақстан Премьер-Министрі Самарқандқа келді
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов 21 қазанда Қазақстан – Өзбекстан өңіраралық бизнес форумына қатысу үшін Самарқандқа келді.
Жоғары мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Негізгі іс-шаралар 22 қазан күні Самарқанд қаласында өтеді. Өзбекстан мен Қазақстан үкімет басшылары екі елдің іскерлері форумына қатысады. Сондай-ақ, олар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылауы жоспарланған.
Қазақстан Премьер-Министрі Самарқандқа сапары барысында қаланың тарихи-мәдени ескерткіштері және көрнекті жерлерімен де танысады.
