Қарақалпақ мемлекеттік университетінде жаңа оқу жылы басталды
Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінде "Біртұтас Отан, біртұтас халық боп, жаңа өмір мен кемел келешек құрамыз!" атты ұранмен 2026/2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Оған Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің өкілдері, университеттің профессор-оқытушылары, ата-аналар мен студент жастар қатысты.
Шара басында Өзбекстан Республикасы мен Қарақалпақстан Республикасының мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Содан кейін университет ректоры Бердияр Жоллыбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерекесімен және жаңа 2026/2027 оқу жылының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетіне оқуға қабылданып, студент атану бақытына ие болған жастар мен олардың ата-аналарын шын жүректен құттықтап, жаңа оқу жылында оларға табыс тіледі.

Айтулы шара барысында сөз алғандар елімізде жастардың терең білім алуы, заманауи кәсіптер мен мамандықтарды игеруі үшін кең мүмкіндіктер жасалып жатқанын атап өтті. Студент жастарды ұсынылған мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, өздерін үнемі жетілдіруге, терең білім мен дағдыларды меңгеруге шақырып, болашақта елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқаты жолында аянбай қызмет етулеріне зор табыстар тіледі.