Президенттік сайлауда дауыс беру аяқталды
Бүгін – 2023 жылдың 9 шілдесінде Өзбекстанда маңызды саяси оқиға – кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Дауыс беру таңертеңгі сағат 08:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталды.
Ташкент қаласы «Яккасарай» ауданына қарасты 576 сайлау учаскесіне 2 мың 14 азамат тіркеліп, олардың 80 пайыздан астамы сайлауға қатысып, өздері таңдаған кандидатқа дауыс берді.
Атаулы сайлау учаскесіне 23 халықаралық бақылаушы келіп, олар тарапынан ешқандай қарсылық болмады.
Учаскеде сағат 20.00-де дауыс беру аяқталып, учаскелік комиссия мүшелері жиналған дауыстарды санауға кірісті. Бұл үдерісті бақылаушылар да қадағалап отыр.