Өзбекстан Президентінің Оман Сұлтандығына мемлекеттік сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің Оман Сұлтандығына жасаған мемлекеттік сапары аяқталды.
Мемлекет басшысы Маскат қаласында Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен тарихи келіссөздер жүргізіп, сондай-ақ осы елдің жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен жемісті кездесулер өткізді.

Саммит аясында Стратегиялық серіктестік туралы келісім қабылданды. Сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, туризм, ғылым және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған 30-дан астам құжатқа қол қойылды.

Экономикалық салада жалпы құны 5 миллиард доллар болатын жобалар портфелі қалыптастырылды.

Сапар бағдарламасы аяқталған соң, Маскат халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шығарып салды.

Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.
