Өзбекстан Президенті Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «C5+1» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін елімізге келген Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады.
Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамытудың негізгі бағыттары қаралды.

Ынтымақтастықтың барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Өзара сауда мен жүк тасымалының көлемі артып келеді. Энергетика, өнеркәсіп, ауыл және су шаруашылығы салаларындағы кооперациялық жобалар белсенді кезеңге өтті.

Мәдени-гуманитарлық, білім беру және туризм салаларындағы алмасуларды жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар өңірлік маңызы бар өзекті мәселелерді де талқылады.