Өзбекстан Президенті Марко Рубио мен Сержио Горды мемлекеттік наградамен марапаттады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Сержио Горға мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Марко Рубио «Ұлы қызметтері үшін» орденімен марапатталды. Оның Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға, саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, Орталық Азияда бейбітшілікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді қолдауға қосқан зор жеке үлесі атап өтілді. Сондай-ақ Жаңа Өзбекстанның халықаралық бастамаларын ілгерілету, екі ел халықтары арасындағы сенім мен достықты нығайту жолындағы еңбегі ерекше бағаланды.


Сержио Гор Өзбекстан мен АҚШ арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін «Достық» орденімен марапатталды. Оның саяси диалогты жандандыру, екіжақты келісімдерді жүзеге асыру, америкалық инвесторларды тарту және бірлескен жобаларды ілгерілету бағытындағы күш-жігері, сондай-ақ Америка – Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесі аясындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.





