Нөкістің «Арал» командасы Суперлигаға жолдама алды
Нөкіс қаласындағы «Тұран» стадионында футболдан Өзбекстан Про-лигасының 25-туры аясында «Арал» мен «Ғазалкент» командалары арасында кездесу өтті.
Он мыңға жуық жанкүйер тамашалаған ойында «Арал» футболшылары өз алаңында қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Нөкістің «Арал» командасы 25 жылдық үзілістен кейін Суперлигаға қайта оралды.

Ойыннан кейін Суперлигаға мерзімінен бұрын жолдама алған команданы марапаттау рәсімі өтті. Оған Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Орынбаев, Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Р. Ирматов және Өзбекстан кәсіпқой футбол лигасының бас директоры Д. Имамхожаев қатысып, команданы жеңісімен құттықтады.
Жеңімпаздарға медаль, кубок және естелік сыйлықтар табысталды.