Министр Самарқандта IT Park резиденттерінің қызметімен танысты
Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов Самарқанд облысына жасаған сапары аясында өңірдегі цифрландыру үдерістері, жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер және экспортқа бағытталған IT қызметтердің дамуымен танысты.
Министрлік мәліметінше, сапар барысында министр алдымен IT Park резиденті — «Smart Library» ЖШС қызметімен танысты. Аталған орталық білім мен технологияны ұштастыра отырып, жастарға шет тілдерін және заманауи IT дағдыларын үйретуде. «Innovative Centre» негізінде құрылған бұл мекемеде жастар тәжірибеге бағытталған білім алып, өз стартап идеяларын дамытуға мүмкіндікке ие болып отыр.

Кездесу барысында жастардың IT саласына қызығушылығы, инновациялық идеялары мен бастамалары талқыланып, орталық түлектерінің бірі, халықаралық сертификат иегері Азизбек Эшимов жасанды интеллект бағыты бойынша бірнеше стартап жобаны жүзеге асырғаны үшін IT Park-тың жастар арасындағы елшісі (Ambassador) болып тағайындалғаны атап өтігені.
Сонымен қатар министр IT Park резиденті «Fleet fly» ЖШС қызметімен де танысқан. Бұл компания қашықтан қызмет көрсету экспортына маманданған және АҚШ-тағы логистикалық компаниялар үшін диспетчерлік қызмет көрсетеді.

Атап айтқанда, кәсіпорын жүк тасымалдау үдерістерін тиімді басқару, маршруттарды оңтайландыру және жүргізушілер мен клиенттер арасында үздіксіз байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. 25 маман еңбек ететін компанияда заманауи бағдарламалық шешімдер арқылы жүктерді нақты уақыт режимінде бақылау, логистикалық процестерді үйлестіру және жедел шешім қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
Сапар соңында экспортқа бағытталған мұндай қызмет түрлері жергілікті мамандарға халықаралық нарықта белсенді қатысуға жол ашып отырғаны айтылды. Бұл өз кезегінде елдегі IT қызметтер экспортының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді.
