Хави коронавирус жұқтырды
Оның орнына клубты уақытша көмекшісі Давид Прац басқаратын болады
Футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін жасыл алаңдағы кәсібін Қатардың «Әл-Садд» клубының бас бапкері қызметінен бастаған Хави коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
Ол бұл жөнінде өз «Инстаграм» парақшасында жариялап, «маусым басталған кезде, мен клубпен бірге болалмаймын. Онда менің орныма Давид Прац жұмыс істейтін болады. Бірнеше күн бұрын індетке қарсы тапсырған тест нәтижем менде инфекция бар екенін көрсетті. Дегенмен өзімді жақсы сезінудемін. Бірақ аурудан толық сауққанша белгіленген тәртіпке сай әрекет жасаймын», деп жазған.
Қазіргі уақытта 40 жасты қарсылаған испандық маман басқаруындағы клуб 17-тур аясында 32 ұпаймен үшінші орында келеді.