Жолдастық кездесу: Өзбекстан құрамасы Ресейге есе жіберді
Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында футболдан Өзбекстан мен Ресей ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті.
Ойынның 5-минутында Азиз Ғаниев бұрыштамадан доп асырды. Доп ресейлік қорғаушы Виктор Мелёхиннің аяғына тиіп, қақпаға енді. Осылайша, Өзбекстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.
Екінші таймның 46-минутында Достонбек Хамдамовтың пасынан кейін Бехруз Каримов дәл соққы жасап, есеп айырмасын 2:0-ге жеткізді.
[gallery-32498]
Алайда ойынның одан кейінгі бөлігінде Ресей құрамасы таразы басын өз жағына аударды. Николай Комличенко 70 және 75-минуттарда екі гол соғып, есепті теңестірді. Ал 79-минутта Алексей Миранчук қонақтардың үшінші голын соқты.
Осылайша, Өзбекстан құрамасы екі голдық басымдығын сақтап қала алмай, қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
[gallery-32497]
Айта кетейік, Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы ФИФА күндері аясындағы екінші кездесуін 17 қарашада Сауд Арабиясы құрамасына қарсы өткізеді. Қатар астанасы Дохадағы «Жассим бин Хамад» стадионында өтетін матч Ташкент уақытымен сағат 20:30-да басталады.
С.Урмонов, М.АМИН (сурет),
ӨзА