Жеңіл атлетикадан Орталық Азия ашық чемпионаты аяқталды
Ташкенттегі «Олимпия қалашығында» ересектер арасында жеңіл атлетикадан өткен III Орталық Азия ашық чемпионаты мәресіне жетті. 2026 жылғы 23–25 тамыз аралығында ұйымдастырылған жарысқа тоғыз елдің спортшылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Өзбекстан құрамасы 22 алтын, 20 күміс және 19 қола, барлығы 61 медаль жеңіп алып, жалпы медальдар кестесінде бірінші орынға ие болды.
Қазақстан құрамасы 10 алтын, 8 күміс және 6 қола, барлығы 24 медаль еншілеп, екінші орыннан көрінді. Ал Түркіменстан спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар Таиланд құрамасы 1 алтын, Тәжікстан 1 күміс және 3 қола, Грузия 1 күміс және 2 қола, Сингапур 1 күміс және 1 қола, Қырғызстан 1 күміс және 1 қола, Сауд Арабиясы 1 қола медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, Ташкентте өткен бұл чемпионат спортшылар үшін алдағы ірі халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңдерінің біріне айналды. Турнир Орталық Азия елдері арасындағы жеңіл атлетикадағы бәсекелестікті арттырып, өңір спортшыларының тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.