Иранда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
5 шілдеде Иранда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді.
Бірінші турда үміткерлердің ешқайсысы жеңіске жету үшін қажетті 50 пайыздан астам дауыс жинай алмады.
24 миллионнан астам дауыс саналған. Онда реформатор Масуд Пезешкиан 10 миллионнан астам дауыс жинаса, консерватор Саид Джалилиден 9,4 миллионнан астам дауыс жинаған.
Айта кетейік, Иранның бұрынғы президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапқан еді.