Иран мен АҚШ делегациялары келіссөздер үшін Исламабад қаласына келді
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бакир Калибоф бастаған делегация АҚШ-пен келіссөздер жүргізу мақсатында Пәкістан астанасы Исламабад қаласына келді.
Иран тарапы келіссөздер тек қарсы жақ Тегеран ұсынған бастапқы шарттарды қабылдаған жағдайда ғана басталатынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Калибоф келіссөздер алдында Ливан аумағында атысты тоқтату және Иранның бұғатталған активтерін босату талаптарының орындалуы тиіс екенін атап өткен.
Сонымен қатар Исламабад қаласына АҚШ делегациясы да келді. Оның құрамында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, арнайы өкіл Стив Уиткофф және т.б. бар.
Пәкістан тарапы бұл кездесуді аймақтық шиеленісті төмендету жолындағы «шешуші кезең» деп бағалап отыр.