ХОК Беларусь спортшыларына қатысты барлық шектеулерді алып тастады
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Беларусь спортшыларына қойылған барлық шектеулерді алып тастап, оларға халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы іріктеу турнирлеріне қайта қатысуға мүмкіндік берді.
«ХОК Атқарушы комитеті енді беларусь спортшыларының, оның ішінде командалардың халықаралық федерациялар мен халықаралық спорт ұйымдары өткізетін жарыстарға қатысуына ешқандай шектеу ұсынбайды», – делінген хабарламада.
Енді беларусь спортшылары қайтадан өз туы мен әнұраны астында, соның ішінде командалық спорт түрлерінде де өнер көрсете алады. Беларусь Ұлттық Олимпиада комитеті бұл шешімді құптады.