Халықаралық самбо федерациясының жұмыс тобы Ташкентке келді
Биыл қараша айында Ташкент қаласында самбо күресінен елуінші әлем чемпионаты өтеді.
Аталған беделді турнирдің Өзбекстанда ұйымдастырылуы Халықаралық самбо федерациясының елімізге деген жоғары сенімінің айқын көрінісі.
Осыған орай әлем чемпионаты алдындағы дайындық жұмыстарымен танысу мақсатында Халықаралық самбо федерациясының жұмыс тобы Ташкент қаласына келді.
Федерация президенті аппаратының басшысы Олег Артёмюк пен спорт директоры Сергей Табаковтан құралған жұмыс тобы мүшелері Өзбекстанда әлем чемпионатын өткізуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Еске сала кетейік, әлем чемпионатының жарыстары 6–8 қараша күндері Ташкент қаласындағы «Олимпияда қалашығы» спорт кешенінде өтеді.