Германия президенті Юрген Клоппты марапаттады
«Ливерпуль» және Дортмундтың «Боруссия» клубтарының бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп Германия президенті тарапынан «Германия алдындағы еңбегі үшін» федералдық орденімен марапатталды.
Bild басылымының хабарлауынша, бұл марапат Германия бірлігі күніне орай табысталған.
Клоппқа мемлекеттік марапатты Германия Федеративтік Республикасының президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырған.
Айта кетсек, Юрген Клопп 2008 жылдан 2015 жылға дейін «Боруссия Д» клубын басқарған. Бұл кезеңде ол командамен екі рет Германия чемпионы атанды. 2015 жылдан 2024 жылға дейін Клопп «Ливерпульмен» бірге Чемпиондар лигасы мен Премьер-лигада жеңіске жетті.