Гаагадағы Беларусь елшілігіне шабуыл жасалды
Гаага қаласындағы Беларусь елшілігі ғимаратына шабуыл жасалды.
РИА Новости хабарлауынша, оқиға түнде болған. Шабуылдаушылар елшілік қабырғасына қара және қызыл бояумен сызған. Сонымен қатар, ғимараттың бірнеше терезелерін сындырған.
Қазіргі уақытта елшілік қызметкерлері қабырғаны тазалауда. Полицейлер күдіктілердің бірін ұстаған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Хабарда айтылуынша, Нидерландыдағы Беларусь елшілігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме беруден бас тартқан.