Дэвис кубогы: Италия құрамасы жеңімпаз атанды
Италиялық теннисшілер қатарынан екінші жыл қатарынан басты жүлдені жеңіп алды.
Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер бастаған Италия құрамасы бейресми әлем чемпионаты саналатын Дэвис кубогының финалында Нидерланд командасынан 2:0 есебімен басым түсті.
Алғашқы кездесуде Маттео Берреттини Ботик ван де Зандшульпты айқын жеңді – 6/4, 6/2. Одан кейін Янник Синнер ATP рейтингінде 40-орында тұрған Таллон Грикспурдан басым түсті – 7/6(2), 6/2.
Осылайша, Италия құрамасы Дэвис кубогының басты жүлдесін қатарынан екінші рет жеңіп алды.