CIES: Абдуқодир Хусанов әлемнің ең қымбат футболшылары қатарына енді
Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) әлемнің ең қымбат 100 футболшысынан тұратын жаңа рейтингін жариялады.
Бұл рейтингке Өзбекстан ұлттық құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов та енген. CIES мамандары өзбекстандық футболшының трансферлік құнын 65,1 миллион еуро деп бағалап, оны рейтингтің 99-орнына орналастырған.
Арнайы статистикалық модель негізінде жасалған рейтингте «Барселона» клубының ойыншысы Ламин Ямаль 358,1 миллион еуро бағамен бірінші орынды иеленді.
Келесі орындарда «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд (227,3 миллион еуро) және «Реал Мадрид» командасының ойыншысы Килиан Мбаппе (165,7 миллион еуро) орналасқан.
Мәліметтерге сәйкес, Абдуқодир Хусановтың нарықтық құны айтарлықтай артқан. Бұған дейін оның бағасы 35 миллион еуро көлемінде болса, қазір бұл көрсеткіш 50 миллион еуроға жеткені айтылып отыр.
Осылайша, ол Англия Премьер-лигасы қорғаушылары арасында 13-орынға көтерілген.
Сондай-ақ, 22 жастағы орталық қорғаушы Азияның ең қымбат футболшысы атанған.