«Болашақ ойындары – 2026»: Өзбекстан құрамасы қола медаль жеңіп алды
Қазақстан астанасы Астана қаласында фиджитал спорттың 8 бағыты бойынша өткен «Болашақ ойындары – 2026» жарысының финалдық кезеңі аяқталды.
50-ге жуық елден 800-ден астам үздік фиджитал спортшы қатысқан байрақты бәсекеде Өзбекстанның намысын қорғаған «FC OLYMPIC PHYGITAL» командасы фиджитал футболдан жүлдеге ие болды.
Іріктеу кезеңін сәтті өткізген Өзбекстан өкілдері ширек финалда Ресейдің «FFK ROTOR CISS GROUP» командасын жеңді.
Алаңдағы және компьютерлік футболдағы тартысты бәсекеде жеңіске деген жігерін танытқан Өзбекстан құрамасы жартылай финалда Уругвайдың «NS Team» командасымен негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Алайда пенальти сериясында 2:3 есебімен жеңіліп, үшінші орын үшін өткен кездесуде Гватемаланың «Club Holcattes» командасын 1:0 есебімен ұтты.
Осылайша, Өзбекстан құрамасы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің қола жүлдегері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған Уругвайдың «NS Team» командасына 150 мың АҚШ доллары табысталды. Екінші орын алған Мексиканың «Quetzales-Armadillos» фиджитал-футболшылары 85 мың АҚШ долларын иеленді. Ал қола медаль жеңіп алған Өзбекстан құрамасына 55 мың АҚШ доллары берілді.