БҰҰ Туризм ұйымының бас хатшысы Самарқандтың көрікті орындарын тамашалады
ФОТОРЕПОРТАЖ
БҰҰ Туризм ұйымының бас хатшысы Шайха Насир Әл Новайс Өзбекстанға жасаған сапары аясында көне әрі көрікті Самарқанд қаласының көрікті орындары мен тарихи ескерткіштерін тамашалады.
Жоғары мәртебелі мейман алдымен Самарқанд қаласында өзі жетекшілік ететін ұйыммен бірлесіп алғаш рет ұйымдастырылған «Жібек жолында туризм» тақырыптық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
[gallery-28549]
Самарқандқа сапары барысында Шайха Насир Әл Новайс «Конигил» туристік ауылында болып, ежелгі Самарқанд қағазын өндіру үдерісімен, сондай-ақ қолөнершілер мен туризм саласы өкілдерінің қызметімен танысты. Сонымен қатар тарихи-мәдени ескерткіштер мен көрікті орындарды аралап көрді.
суреттерді түсірген А.Исроилов, ӨзА