Ауғанстан мен Өзбекстан 514,8 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды
Ауғанстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері жалпы құны 514,8 миллион долларға тең бірқатар өзара түсіністік меморандумдарына қол қойды.
Бұл туралы аталған елдің Өнеркәсіп және сауда министрлігіне сілтеме жасап, «Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады.
– Келісімдер министр Нуруддин Азизий мен Наманган облысының әкімі Шавкат Абдуразақовтың қатысуымен Кабул қаласында өткен бизнес-форум аясында рәсімделді, – делінген хабарда. – Өзара байланыстар қарқынды дамып келеді. Ақпан айында екі ел компаниялары Кабулда жалпы құны 300 миллион долларды құрайтын 25 құжатқа қол қойған болатын. Бұл өз кезегінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге негіз қалады.
Айта кету керек, қазіргі Ауғанстан үкіметі халықаралық қауымдастықпен, әсіресе аймақ елдерімен дипломатиялық, сауда, транзиттік және экономикалық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударып отыр.