АҚШ өз азаматтарын Ливаннан шұғыл түрде кетуге шақырды
АҚШ-тың Бейрут қаласындағы елшілігі елдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты ескерту жасады. Мәліметке сәйкес, қауіпсіздік ахуалы күрделі әрі тез өзгеруі мүмкін.
Елшілік АҚШ азаматтарын коммерциялық рейстер әлі қолжетімді болып тұрған кезде Ливаннан кетуге үндеді. Ал елде қалуды таңдаған азаматтарға төтенше жағдайларға арналған резервтік жоспар дайындап қою және жаңалықтарды тұрақты бақылап отыру ұсынылды.
АҚШ елшілігінің мәліметінше, әскери қақтығыстар болған аймақтарда жарылмай қалған оқ-дәрілердің қаупі сақталып отыр. Қираған ғимараттар мен зақымданған аумақтарға бармау, сондай-ақ күмәнді заттарға қол тигізбеу жөнінде кеңес берілген.