АҚШ-та ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
9 сәуір күні АҚШ-тың Аризона штатында жеңіл моторлы ұшақтың құлауы салдарынан екі адам қаза тапты.
NBC хабарлауынша, оқиға Марана қаласы әуежайында болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жарылып кеткен. Әуежайдағы басқа әуе кемелеріне зиян келмеген.
Қала әкімшілігінің өкілі Вик Хэтэуэй ұшақ бортында екі адам болғанын мәлімдеді. Марана полиция департаментінің мәліметінше, басқа зардап шеккендер жоқ және оқиғаға өзге әуе кемелері қатысы жоқ.
АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі Piper PA-32 ұшағының апаты бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.