АҚШ-та Мадуроға қатысты сот процесі 2027 жылдың маусымында басталады
АҚШ-та Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты сот процесі 2027 жылдың маусымында басталады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, екеуіне есірткі айналымына қатысты қылмыстар бойынша айып тағылған. Алайда Мадуро мен Флорес өздеріне тағылған айыптарды толықтай жоққа шығарып отыр.
Мадуроның адвокаты істі тоқтатуға қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған Венесуэланың бұрынғы президентінің егемен мемлекет басшысы ретінде иммунитетке ие болғаны негіз бола алады.
Алдын ала тыңдаулар 2026 жылғы 17 қарашаға белгіленген. Сот процесінің түпкілікті кестесін кейін сот бекітеді.
Еске салар болсақ, Николас Мадуро мен Силия Флорес АҚШ әскери қызметкерлері тарапынан өз резиденциясында ұсталып, Нью-Йоркке жеткізілген болатын..