АҚШ-та ауқымды орман өрті өршіп тұр
АҚШ-тың Майами-Дейд және Бровард округтерінде ірі орман өрті таралуын жалғастырып жатыр.
Флорида орман қызметінің мәліметінше, өрт батысқа қарай жылжып, шамамен 4800 акр аумақты қамтыған. Қазіргі уақытқа дейін оның тек 20 пайызы ғана ауыздықталған.
Оқиға орнында жергілікті өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жұмыс істеуде. Сондай-ақ суды әуеден шашу үшін ұшақтар да жұмылдырылған. Қалың түтін кейбір аймақтарда көрінуді қиындатып отыр. Тұрғындарға қауіпті аумақтан эвакуациялану ұсынылды.
Куәгерлердің айтуынша, жалын тұрғын үйлерге жақындап, жалғыз эвакуация жолын жауып тастаған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.