АҚШ пен Иран уақытша бітімді ұзартуға келісті
АҚШ пен Иран Исламабадтың арағайындығымен жасалған уақытша бітім мерзімін ұзартуға келісім берді.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, екі тарап бітім мерзімін ұзартуға келісімін делдалдар арқылы жеткізген. Қазір оның нақты мерзімі мен жаңа шарттарын келісу бойынша келіссөздер мен өзара ақпарат алмасу жалғасып жатыр.
Екі ел арасындағы әскери қимылдарды тоқтатып, дауды дипломатиялық жолмен шешуге бағытталған 60 күндік уақытша бітім туралы Исламабад меморандумының мерзімі 17 тамызда аяқталуы тиіс еді.
Бітім күшінде болған кезеңде тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп бірнеше рет айыптады. Мысалы, Вашингтон Тегеранды Ормуз бұғазындағы жағдайды ушықтырды деп кінәласа, Иран АҚШ-ты әскери әрекеттерді толық тоқтатпады деп айыптаған.
Қазіргі уақытта бітімді қанша мерзімге ұзарту және оның кейінгі шарттары бойынша нақты келісімдер пысықталып жатыр.