Apple әлемдегі қымбат компанияға айналды
Американдық «Apple» корпорациясы тағыда әлемдегі ең құнды компанияға айналды. Оның акциялары «NASDAQ» биржасында 7,1 пайызға өсіп 412 долларға жеткен
Американдық «Apple» корпорациясы тағыда әлемдегі ең құнды компанияға айналды. Оның акциялары «NASDAQ» биржасында 7,1 пайызға өсіп 412 долларға жеткен.
Әлемдегі ірі технологиялық компанияның нарықтық капитализациясы 1,786 трлн долларды құраған. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі беделді «Saudi Aramco» мұнай компаниясынан да асып түсті. Бұған дейін Саудиялық компанияның жалпы капиталы $ 1,76 трлн доллар ды құрап жетекшілік еткен еді.
Apple акциясының бағасы 2020 жылдың екінші тоқсанындағы сәтті баяндаманың аясында өсуде.