Өзбекстандағы 2102 жамағат мешітінде Құрбан айт намазы оқылды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Бүгін таң сәріден республикадағы 2102 жамағат мешітінде Құрбан айт намазы оқылды. Оған мыңдаған отандасымыз қатысып, жамағатпен бірге құлшылық жасап, ізгі тілектерге үн қосты. Мешіттерде ел тыныштығы, халықтың амандығы, отбасы берекесі мен мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін дұға жасалды.
Қасиетті мерекелік намазды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында барлық өңірде қажетті жағдайлар жасалды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолға алынып, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы қолайлы жағдай қарастырылды.
[gallery-29661]