Өзбекстан Президенті Қазақстанға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.
Астана қаласының әуежайында Мемлекет басшысын Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан Президенті «Болашақ ойындары» үшінші халықаралық жарысының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.