Өзбекстан Президенті АҚШ делегациясын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 25 маусым күні Америка Құрама Штаттарының Сауда өкілі Джеймисон Грирді қабылдады.
Кездесу басында өкіл Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Дональд Трамптың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Тараптар Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарды, ең алдымен сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Іскерлік байланыстардың жанданып келе жатқаны, өзара тауар айналымы мен инвестиция көлемінің тұрақты өсіп отырғаны атап өтілді.

Сондай-ақ жақында өткен Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында Америкалық бизнес өкілдерімен өткен дөңгелек үстелдің практикалық нәтижелері қаралды.
Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке кіру үдерісі аясындағы ынтымақтастық және бұл бағыттағы АҚШ қолдауын жалғастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуде жаңа инвестициялық жобаларды айқындау және ілгерілету мақсатында Америка – Өзбекстан Іскерлік және инвестициялық кеңесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану маңызды екені айтылды.