Өзбекстан мен Сербия арасында стратегиялық серіктестік орнатылды
Белград қаласында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Стратегиялық серіктестік қатынастарын орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Мемлекет басшыларының қатысуымен екіжақты құжаттар алмасылды. Атап айтқанда:
– Еңбек ұтқырлығы және көші-қон туралы;
– Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы;
– Өңіралық ынтымақтастық туралы;
– Ауыл және су шаруашылығы, сондай-ақ ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы;
– Кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы;
– Еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздерді бастау үшін жұмыс тобын құру туралы;
– Жаңартылатын энергетика және «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Фармацевтика және биотехнологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Туризм және мәдени сапарлар саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Орта дәлізді қолдау бағытындағы ынтымақтастық туралы;
– Теміржол инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Экономикалық дипломатия саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Кинематография саласындағы ынтымақтастық және бірлескен фильмдер өндіру туралы;
– 2026–2028 жылдардағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Мүгедектігі бар адамдарды қорғау және олардың қоғамдағы орнын қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Цифрландыру, электрондық үкімет және заманауи технологияларды қолдану салаларындағы ынтымақтастық туралы;
– Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы;
– Самарқанд облысы мен Воеводина автономиялы өлкесі арасында әріптестік қатынастар орнату туралы.







