Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері Бұхарада кездесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен елімізге келді.
Жоғары мәртебелі мейманды Бұхара халықаралық әуежайында Мемлекет басшысы қарсы алды.


Ұлттық ән-күй мен билермен салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді. Әскери оркестр мемлекеттік әнұрандарды орындады.


Бүгін көшбасшылар екіжақты келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ Бұхара қаласының тарихи ескерткіштерін зиярат ету, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметімен танысу және басқа да бірқатар іс-шаралар жоспарланған.



