Өзбекстан мен Қазақстан білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтеді
Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрі Эъзоза Каримова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Өзбекстан мен Қазақстан басшылары жүргізіп отырған тиімді саясаттың нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Атап айтқанда, мектепке дейінгі және мектеп білім беру саласындағы өзара байланыстар кейінгі жылдары жаңа деңгейге көтеріліп, әріптестік қатынастардың нығая түскені айтылды.
Сонымен қатар, екі елдің оқушылары мен педагогтерінің халықаралық пән олимпиадаларына, түрлі форумдар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысуы жоғары бағаланды.
Кездесуде алдағы уақытта педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім саласындағы басқа да перспективалы бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Тараптар бұл кездесу екі мемлекет арасындағы білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашатын маңызды қадам болатынын атап өтті.