Өзбекстан мен Қатар басшылары күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Санимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы белсенді күш-жігерін жоғары бағалады.
Тараптар Өзбекстан мен Қатар арасындағы стратегиялық серіктестік пен көпқырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі нәтижелі саяси диалог пен өзара алмасулардың жанданып келе жатқаны атап өтілді.
Телефон арқылы өткен әңгімелесу барысында саяси диалогты жалғастыру және сауда-экономикалық, инвестициялық жобаларды жеделдетуге бағытталған өзара үйлестірілген шараларды қабылдау жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар Өзбекстан мен Қатар басшылары жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралардың жоспары жөнінде де пікір алмасты.