Өзбекстан Гвинея-Бисаумен дипломатиялық қатынас орнатты
Өзбекстан Республикасы Гвинея-Бисау мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнатты.
2026 жылғы 22 сәуірде Нью-Йорк қаласында Өзбекстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ұлықбек Лапасов пен Гвинея-Бисаудың БҰҰ миссиясының басшысы Самба Сане дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптар БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелері аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендерін білдірді.
Сонымен қатар екіжақты қатынастардың өзара тиімді бағыттарын дамыту бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты.
Батыс Африкадағы Гвинея-Бисау Республикасы Өзбекстан дипломатиялық қатынас орнатқан 168-ші мемлекет болды.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан Руандамен дипломатиялық қатынас орнатқан болатын.