Теннис: Хумоюн Султонов Словенияда чемпион атанды
Словенияда Халықаралық теннис федерациясы ұйымдастырған ерлер арасындағы М15 санатындағы турнирдің жекелей сынында өзбекстандық ракеткашы Хумоюн Султонов бас жүлдені жеңіп алды.
Хумоюн жарыс барысында алғашқы кезеңде италиялық Леонардо Примусчиниді, екінші айналымда алаң иесі Мак Миковичті, ширек финалда тағы бір италиялық Александр Виесниді, жартылай финалда германиялық Максимилиан Гомбергті жеңіп, финалда испаниялық Тито Чавеспен кездесті.
Турнирдің шешуші финалдық кездесуінде Хумоюн қарсыласын алғашқы сетте бірде-бір гейм бермей ұтса, екінші сетте 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Хумоюн Султонов турнирдің бас жүлдесімен бірге 2 мың 160 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы мен рейтингтік 21 ұпайға ие болды.
Еске салсақ, бұған дейін Хумоюн Султонов Аустрияның Клагенфурт қаласында өткен турнирде финалға дейінгі барлық кездесулерді сәтті өткізіп, күміс жүлдегер атанған еді.