Ташкентте Өзбекстан – Ресей медиа форумы басталды
Ташкент қаласыдағы «Hilton» қонақүйінде III Өзбекстан – Ресей медиа форумы жұмысын бастады.
Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі (ӨзА) мен Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатқан жиынға мемлекеттік органдардың, жетекші бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Конференцияны Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің бас директоры Абдусаид Кучимов ашты.

Екі күнге созылатын конференцияда цифрлық трансформация жағдайында Өзбекстан мен Ресейдің медиа ұйымдары алдында тұрған негізгі міндеттер, ақпарат саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен ынтымақтастық перспективалары жан-жақты талқыланады.

суреттерді түсірген Ф.Абдурасулов, ӨзА