Ташкентте интернет-наркодүкеннен 10 келіге жуық есірткі заты анықталды
Ташкент қаласында интернет арқылы жұмыс істеген есірткі дүкенінің қызметіне тосқауыл қойылды.
Жедел іс-шаралар барысында заңсыз желіде әкімші және куратор қызметін атқарған адам ұсталып, одан 10 келіге жуық есірткі заты заттай дәлел ретінде тәркіленді.
Республика аумағында өткізіліп жатқан «Қарадәрі-2026» кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Ішкі істер министрлігінің Жедел-іздестіру департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері Мемлекеттік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп жедел іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында Ташкент қаласында интернет-наркодүкен арқылы есірткі заттарын таратумен айналысқан, 1989 жылы Ташкент қаласында туған, бұған дейін Қылмыстық кодекстің 164 және 278-баптары бойынша сотталған азамат ұсталды.
Оған тиесілі автокөлік пен тұрғылықты үйі тексерілген кезде 9 келі 330 грамм гашиш пен 545 грамм метамфетамин сақталғаны анықталды.
Аталған жағдай бойынша қылмыстық топқа қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабының 5-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай қылмыс жасаған адамдарға заңнамада 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.