Сұрхандарияда халықаралық фольклор фестивалінің салтанатты ашылуы өтті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Сұрхандария төрінде сан ғасырлық салт-дәстүрдің сарыны жаңғырып, жыр төгіліп, күй күмбірлеген халықаралық «Бойсун бахори» («Байсын көктемі») фольклор фестивалінің салтанатты ашылу кеші өтті.
Фестиваль аясында Байсынның қайталанбас табиғаты аясында ұлттық салт-дәстүрлер, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, көне әндер мен билер кеңінен таныстырылуда. Әртүрлі елдерден келген фольклорлық ұжымдар өз өнерлері арқылы мәдени алуандықты жарқын көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
[gallery-29154]
Ашылу салтанатында ұлттық киімдер көрмесі, халық ойындары мен дәстүрлі қолөнер көрмелері фестивальге айрықша сән берді. Әсіресе, сахнадағы музыкалық қойылымдар мен театрландырылған композициялар шараның рухын асқақтатып, мазмұнын байыта түсті.
«Байсын көктемі» фестивалі халықтар арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ бай ұлттық мұраны кеңінен насихаттауға қызмет етуде. Фестивальдің алғашқы күнінің өзі қатысушылар мен қонақтардың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.
суреттерді түсірген Ж.ҚУЗИМУРОВ , ӨзА