Словения НАТО-дан шығу бойынша референдум өткізеді
Словения НАТО-дан шығу мәселесі бойынша референдум өткізеді. Бұл туралы ел парламентінің спикері Зоран Стеванович мәлімдеді.
«Біз өзге елдердің әскери және дипломатиялық қақтығыстарына араласуға үзілді-кесілді қарсымыз, өйткені бұдан Словения ешқашан пайда көрген емес. Сонымен қатар, біз халыққа НАТО-дан шығу туралы референдум өткізуге уәде бергенбіз және оны міндетті түрде өткіземіз», — деді ол Словенияның радио және телеарнасындағы сөзінде.
Стевановичтің айтуынша, Любляна тәуелсіз әрі егемен саясат жүргізуі тиіс, барлық мемлекеттермен, ең алдымен ірі державалармен ынтымақтастық орнатуы қажет. Алайда бұл ынтымақтастық еш жағдайда бағыныштылықты білдірмеуі керек.