Шахмат: Өзбекстан құрамасы FIDE рейтингінде бір саты жоғарылады
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) тамыз айына арналған ұлттық федерациялардың жаңартылған рейтингін жариялады. Ақпаратқа сәйкес Өзбекстанның ерлер құрамасы бір саты жоғарылап, әлемдік рейтингте 8-орынға көтерілді.
Өзбекстан құрамасының үздік он шахматшысының орташа рейтингі 2626 ұпайды құрады.
Ұлттық құрамалар рейтингінде АҚШ көш бастап тұр. Үндістан құрамасы екінші орынға жайғасса, Қытай үздік үштікті түйіндеді.
Бұған дейін FIDE шілде айының қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік шахматшыларының жаңартылған рейтингін жариялаған болатын. Үздік 100 шахматшының қатарына Өзбекстанның бес бірдей гроссмейстерінің енуі ел шахматындағы тұрақты өсімнің айқын көрінісі болды.