Сауд Арабиясындағы халықаралық әуежайға екі күн ішінде екінші рет шабуыл жасалды
Сауд Арабиясының астанасындағы халықаралық әуежайға екі күн ішінде екінші рет шабуыл жасалды. Жексенбі күні белгісіз снаряд 4-терминалға түсіп, өрт шыққан. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жақын маңда қанатты зымыранды ұстап қалған.
Сауд Арабиясы бастаған коалиция оқиға туралы хабарлағанымен, шабуылдың артында кім тұрғаны әзірге нақтыланбады. Сенбі күні әуежайға жасалған соққы салдарынан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған еді. Қазір әуежай жабық тұр. Ал Эр-Риядта өткізу жоспарланған халықаралық энергетикалық конференция белгіленген уақытта басталады деп күтілуде.
Иран қолдайды делінетін хуситтер бұған дейін әуе компаниялары мен жолаушыларды Сауд Арабиясының әуе қатынасы нысандары мен әуе кеңістігін пайдаланбауға шақырған еді.
Соңғы апталарда Сауд Арабиясының Йемендегі әскери әрекеттері күшейді. Ел хуситтерге соққы беріп, үкімет күштерін қолдап келеді. Ал хуситтер «ең жаманы әлі алда» деп қоқан-лоқы көрсеткен.